USD502.47EUR525.83RUB5.68

Абай облысының оқушылары «Айбын-2023» жиынында робототехника байқауында жеңіске жетті

26 маусым 2023, 16:25
Қарағанды облысында «Спасск» оқу орталығында IX «Айбын-2023» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтуде.
Абай облысының оқушылары «Айбын-2023» жиынында робототехника байқауында жеңіске жетті


Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Әзірбайжан мен Өзбекстаннан келген 45 командадан 700-ге жуық жасөспірім мен оқушы қатысуда.
Жиын алаңында «Smart Sarbaz» робототехника конкурстары мен «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны өткізілді, онда Абай облысының «Абай қырандары» командасы жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы есепте біздің құрама бірінші орында.

Сондай-ақ, «Smart Sarbaz» робототехника байқауында № 5 көпсалалы Шәкәрім гимназияның оқушысы Олжас Самарқан мен Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясыоқушысы Бағдатов Темирлан  барлық қарсыластарын жеңіп, бірінші орынға шықты.

Жалпы ойын бойынша «Айбын дарыны» зияткерлік ойынында біздің облыстың қатысушылары бесінші орынға тұрақтады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar