USD502.47EUR525.83RUB5.68

Өрттен зардап шеккен отбасылардың балаларына университеттен 10 грант бөлінеді

13 маусым 2023, 16:21
Абай облысында өрттен зардап шеккен отбасылардың балаларына Өскемендегі университеттен 10 грант бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өрттен зардап шеккен отбасылардың балаларына университеттен 10 грант бөлінеді

Алапат өрттің салдарынан зардап шеккен Абай облысының тұрғындарына еліміздің түкпір-түкпіріндегі жұрт жан-жақтан көмек көрсетуде. Оның ішінде Шығыс Қазақстан халқы да көрші өңірге керек-жарақтарды жіберіп, қаржылай қолдау білдіруде. Осы ретте, Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да қалыс қалмады.

ЖОО қызыл жалын кесірінен қиын жағдайға тап болған жанұяларға материалдық көмек көрсетпек. Университеттің еңбек ұжымы өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығының 14 қызметкеріне және азық-түліксіз, құжатсыз, қаражатсыз қалған жүздеген адамға бір күндік жалақыларын аударады.

«Көрші Абай облысындағы өрт – елімізге түскен ауыр салмақ. Жалпыұлттық аза. Мұндайда әр азамат шетте қалмауы тиіс деп есептейміз. Ғылыми кеңес зардап шеккен отбасылардың балаларына 10 грант беру туралы шешім қабылдады. Университет ұжымы марқұмдардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады», — дейді университет ректоры Мұхтар Төлеген.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar