
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, мамандардың жедел әрекеті мен дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында өрттің елді мекендерге таралуының алдын алуға мүмкіндік туды.
Бүгінгі таңда өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі, Орман шаруашылығы комитеті, жергілікті атқарушы органдар мен Қорғаныс министрлігінен 1800-ден астам адам мен 350-ге жуық техника жұмылдырылған.