USD474.83EUR515.38RUB5.5

Жедел штабтың жұмысы: орман өртіне қарсы күрестің негізгі міндеттері. Өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев жедел штабта

13 маусым 2023, 16:06
Облыс әкімі өртті сөндіруге жұмылдырылған күштермен бірге Озерки ауылдық округіне қарасты Каштак және Талица елді мекендеріне іргелес ормандардағы жағдайды зерделеп, өрт сөндірушілердің іс-қимылдарын үйлестіру бойынша жұмыстарды ретке келтірді.
Жедел штабтың жұмысы: орман өртіне қарсы күрестің негізгі міндеттері. Өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев жедел штабта

Облыстағы орман өртін тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қабылданды.
Бұдан кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен кеңес өтті.

Одан әрі Нұрлан Ұранхаев Мемлекет басшысының қаза болған орманшылардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ өрт кезінде зардап шеккендерді қолдау және жедел түрде көмек көрсету туралы тапсырмасын орындау үшін Бородулиха ауданына аттанды.

Бұдан кейін аймақ басшысы Шүлбі аймағындағы, Жерновка, Барышевка, Успен ауылдарындағы жұмыс барысымен танысты.  Ауа-райының  және жел бағытының мерзімді өзгеруіне байланысты барлық тартылған күштерді  реттеу және шоғырландыру жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру қажет.  Бұл мәселе төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қатысуымен өткен Жедел штабта қаралып, ақпарат тыңдалды.

Жалпы, бұрын хабарланғандай, елді мекендерге төнетін барлық қауіп өрт сөндірушілердің  жедел іс-әрекеті нәтижесінде  барынша азайтылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar