
Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Ибраhимнің отбасында болып, тұсау кесу рәсіміне қатысты. Аймақ басшысы бүлдіршінге зор денсаулық, алаңсыз балалық шақ тіледі.
Ибраhимнің отбасында 5 бала бар. Анасы Гүлмарал Сәбитқызы Мукалиева көпбалалы ана ретінде жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру мақсатындағы 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз грант алуға конкурсқа қатысуда. Бизнес-жобаның тақырыбы – «Тігін өндірісі».