
Сонымен қатар аймақта «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында 2025 жылға дейін медициналық мақсатта қолданылатын ғимараттар бой көтереді. Бұдан бөлек, өңірді дамытудың Кешенді жоспарына Семей қаласында 100,4 млрд теңгеге 5 медициналық нысанның құрылысын салу жоспарланған.
«Инвесторлар есебінен қажетті құжаттаманы дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осылайша 709,2 млн теңге көлемінде бюджет қаражаты үнемделді», – деді Н.Ұранхаев.