USD502.47EUR525.83RUB5.68

Абай облысын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 54 жоба іске асырылмақ

08 маусым 2023, 16:04
Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгеріс бар. Аймақтың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, биылдың өзінде 1604 жұмыс орнын ашылып, 8 жоба іске асырылып жатыр. Одан бөлек, биыл өңір халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 17 млрд теңгеге 54 жоба іске асырылмақ. 2024-2025 жылдары су құбыры желілерінің 19 жобасын салу жоспарланған. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінің Семей қаласында өткен көшпелі баспасөз конференциясында айтты.
Абай облысын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 54 жоба іске асырылмақ

Ұранхаевтың айтуынша, былтыр өңірдің қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 104,9% құраған. Ең үлкен өсім – жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің санында, ол 120,4%-ға, өнеркәсіп өнімі 109,7%-ға, құрылыс 108,8%-ға, өңдеу өнеркәсібінде өсім 106%-ға тіркелді. Ал негізгі капиталға салынған инвестициялар 8,2%-ға өсіп, 420 млрд теңгені құраған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару 473 млрд теңгеге жетсе, бұл өсім мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін 4,1%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілген.

Абай облысында тіпті пайдалануға берілген тұрғын үй саны да көбейген. 

«340 мың ш м тұрғын үй пайдалануға берілді. Өсім арқылы 3 352 отбасы тұрғын үймен қамтылды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы 24,2%-ға өсіп, 260 мың теңгені құрады», – деді Абай облысының әкімі. 

Нұрлан Ұранхаевтың сөзінше, облыста биыл небәрі 4 айда құрылыс секторы 159,8%-ға, инвестициялар 112,9%-ға, өңдеу өнеркәсібі 121,3%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 105,3%-ға, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім 102,7%-ға өскен. Сумен жабдықтау объектілерін қаржыландыру 2,5 есе, жолдарды жөндеуді қаржыландыру 2,3 есе артқан. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласын қаржыландыру 1,4 есеге, әлеуметтік қорғауды қаржыландыру 1,5 есеге көбейген. 

«Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын инвестициялау көлемі 1,9 трлн теңге. Онда 102 шара қамтылған. 2028 жылға дейін инвестициялық жобалар пулы жасақталды. Оған 6,8 мың жұмыс орны құрылып,  870 млрд теңгеге 43 жоба іске асады. Оның ішінде биыл 1604 жұмыс орнын ашатын 8 жоба іске асырылып жатыр», – деді Н. Ұранхаев.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar