USD502.47EUR525.83RUB5.68

«Абай облысында биыл 8 жоба қолға алынды». Ұранхаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды

08 маусым 2023, 16:02
«Абай облысында биыл 1064 жұмыс орнын ашатын 8 жоба іске асырылып жатыр!». Семейде өткен көшпелі баспасөз конференциясында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндады. Айтуынша, 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында инвестиция көлемі 1,9 трлн теңге болатын 102 шара қамтылған.
«Абай облысында биыл 8 жоба қолға алынды». Ұранхаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды

«2028 жылға дейін инвестициялық жобалар пулы жасақталды. Оған 6,8 мың жұмыс орнын құрумен 870 млрд теңгеге 43 жоба енгізілді, оның ішінде биыл 1604 жұмыс орнын ашатын 8 жоба іске асырылып жатыр», – деді Ұранхаев.

Жалпы, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі бағыттың барлығында оң динамика байқалып отыр. Былтырғы жылдың қорытындысы осылай дейді. Әсіресе, ең үлкен өсім – жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің санында болған: ол 120,4%-ға, өнеркәсіп өнімі 109,7%-ға, құрылыс 108,8%-ға, өңдеу өнеркәсібінде өсім 106%-ға тіркелді. 

«340 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, өсім арқылы 3 352 отбасы тұрғын үймен қамтылды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы 24,2%-ға өсіп, 260 мың теңгеге жетті», – деді әкім.

Бұған қоса, биылғы 4 айда да негізгі макрокөрсеткіштер артқан. Құрылыс секторы 159,8%-ға, инвестициялар 112,9%-ға, өңдеу өнеркәсібі 121,3%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 105,3%-ға, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім 102,7%-ға өскен. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласын қаржыландыру 1,4 есеге, әлеуметтік қорғауды қаржыландыру 1,5 есеге артқан.

Ал сумен жабдықтау нысандарын қаржыландыру 2,5 есе, жолдарды жөндеуді қаржыландыру 2,3 есе ұлғайды. Әрі өңір халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл 17 млрд теңгеге 54 жоба іске асырылмақ. 2024-2025 жылдары су құбыры желілерінің 19 жобасын салу жоспарға енген. 

«Абай облысын дамытудың кешенді жоспарына Семей қаласында қоқыс сұрыптау желісін орналастыру үшін жаңа заманауи қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы енгізілген», - деді облыс басшысы.
#АбайОблысыныңӘкімдігі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar