USD502.47EUR525.83RUB5.68

«Жаңашыл мұғалім» байқауы өтті

08 маусым 2023, 15:58
BilimLand компаниясы 2015 жылдан бері білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту үшін, еліміздің педагогтерінің қосқан үлесін таныту және тарату мақсатында Республикалық «Жаңашыл мұғалім» байқауын жыл сайын өткізеді.
«Жаңашыл мұғалім» байқауы өтті


Мақсаты: педагогтердің білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға қосқан үлесін тану және тарату; педагогикалық инновацияларды қолдау және көтермелеу.

Биыл байқауға 1000-нан астам педагог қатысты. «Жаңашыл мұғалім — 2023» байқауы 4 номинация бойынша ұйымдастырылды.

1. Сабақтағы заманауи педагогикалық технологиялар.

2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту.

3. Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы цифрлық технологиялар.

4. Білім беруді цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту.

«Жаңашыл мұғалiм - 2023» республикалық байқауында Абай облысынан 2 қатысушы жеңімпаз атанды:

№48 жалпы орта білім беретін мектебінің  қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Алпысова Меруерт Ерлановна «Сабақтағы заманауи педагогикалық технологиялар» номинациясы бойынша 250 мың теңге сертификатын алып және мақтау грамотасымен марапатталды.

«Өрлеу» балабақшасының  педагогі Бочарова Ирина Владимировна «Білім беруді цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту» номинациясы бойынша 500 мың теңге сертификатын алып және мақтау грамотасымен марапатталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar