
Жиынға кеңес мүшелерімен қатар Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығы, Парламент Мәжілісінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, заңсыз ойын бизнесімен күрес, заңнамалық бағыттағы ұсыныстары, лудоманиядан оңалту мәселесі бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайында айтты.
Ерлан Қарин мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар бірлесіп әрекет еткенде ғана лудоманиямен күрестің тиімді жүзеге асатынын атап өтті.