USD491.7EUR531.28RUB5.07

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының кезектен тыс VII конференциясы өтті

02 маусым 2023, 17:12
Конференцияға барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының басшылары, партияластар қатысты.
«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының кезектен тыс VII конференциясы өтті

Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының Абыралы және Ертіс ауылдық округтеріндегі ауылдық округтер әкімдері лауазымына кандидаттарды бекіту туралы, «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының Саяси кеңесінің жаңа құрамын бекіту туралы, «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының бақылау-тексеру комиссиясын бекіту туралы мәселелер қаралды.

Көтерілген бірінші мәселе бойынша, Ертіс ауылдық округінің әкімі лауазымына партия мүшесі, Ертіс ауылдық округінің бас маманы Иманбай Нұржан Сәтмұхамбетұлының кандидатурасы, Абыралы ауылдық округінің әкімі лауазымына партия мүшесі, Абыралы ауылдық округінің әкімі Ұлан Мырзағалиұлы Мұқажановтың кандидатурасы ұсынылып, делегаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Сондай-ақ «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының Саяси кеңесінің жаңа құрамы мен бақылау-тексеру комиссиясы бекітілді. Конференция барысында күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды.

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалы

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar