USD448.56EUR478.03RUB4.79

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті.

02 маусым 2023, 16:53
Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, жергілікті жерлерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің кез келген көріністерін анықтау бойынша жұмыс барысы қаралды.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті.


Отырыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары талқыланды, сондай-ақ нақты ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды.

2025 жылға дейін Үржар ауданы ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі. ТКШ саласын дамыту мәселелерін Абай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысында талқылады. 

Үржар ауданында су құбыры желілерінің құрылысына ерекше назар аударылды. 

Мәселен, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауданның бес елді мекенінде жалпы ұзындығы 20,4 км желілерді орташа жөндеуге 748,3 млн теңге бөлінді. Қаражаттың жұмсалуы үнемі бақылауда. 

Айта кету керек, Үржар ауданында 53 елді мекен орналасқан, олардың 29-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Оларда 70 мыңға жуық адам тұрады. 

«Олар халық санын ескере отырып, кезектілік тәртібімен ауыз сумен қамтамасыз етілді. 29 елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау бар, 12 – блок-модульдік станциялар арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілген, тағы 12-де тиісті құрылыс жұмыстары жалғасуда»,- деп түсіндірді Үржар ауданының әкімі Нұржан Тоқсеитов.

Ауданның барлық елді мекендерін 2025 жылға дейін ауыз сумен толық қамтамасыз ету жоспарлануда.

Комиссия отырысында Үржар ауданындағы көшелерді орташа жөндеу, сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов атап өткендей, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілімен бірлесіп Үржар ауданындағы сумен жабдықтау мәселелері туындайтын нысандарды көзбен шолып тексеру жүргізілді. 

- Қоғам қайраткерлерінің де барлық деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру мәселелеріне қатысуы маңызды. Өйткені, біздің міндетіміз - тәуекелдермен процестердің қай жерде жүріп жатқанын түсіну үшін ауырсыну нүктелерін бірлесіп табу, - деп атап өтті Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar