USD472.62EUR513.22RUB5.43

ТАҒАЙЫНДАУ

02 маусым 2023, 16:26
Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары лауазымына Самат Айбек Төлегенұлы тағайындалды
ТАҒАЙЫНДАУ

Айбек Самат 1987 жылы бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2008 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Семей қалалық ішкі саясат бөлімі маманының көмекшісі ретінде бастап, одан әрі қала әкімі аппаратында ақпараттық технологиялар бөлімінде қызмет етті.

Мемлекеттік қызметін 2012 жылы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы ретінде бастады. 2013-2015 жылдары қала әкімінің көмекшісі қызметінде болды. Одан әрі ішкі саясат бөлімінің ақпараттық-насихаттық жұмыс секторының меңгерушісі лауазымында қызмет атқарды.

2016 жылы Семей қаласы ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары, 2020 жылы бөлім басшысы, 2022 жылы Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы және этносаралық қарым-қатынас мониторингі бөлімінің басшысы, 2023 жылы Абай облысы әкімінің аппаратында қызмет етті.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar