
Белсенділер өздерінің тұрғын үйінің жанындағы құрылыс жұмыстарына алаңдайды. Олардың айтуынша, болашақ көпқабатты үй жол жүру орнын жабады.
Кездесуде құрылыс салушы өкілдерімен алдын ала әңгіме өткізілді.
- Түсінік бар. Әлі де сұрақтарды пысықтау қажет. Балама аумақты қарастыруға болады. Бұл (учаске) жеке меншік құқығында екенін ескеру қажет. Шешім екі тараптың да көңілінен шығатынына сендіре аламын, - деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.
Әзірге тұрғындардың өтініші бойынша облыстың бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеруді ашуға бастамашы болып отыр. Тиісті хабарлама жіберілді.