
Ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуден облыс бойынша 4 034 түлек өтеді, 3 181 қазақ тілінде, 953 оқушы орыс тілінде ҰБТ тапсырады.
Облыс орталығы Семейде биылғы оқу жылын 68 мектеп бойынша 1937 түлек тәмамдады. Олардың ішінде 60 түлек «Алтын белгіге» үміткер болып табылса, 155 түлек «Үздік аттестат» иегері атануға үмітті.
Барлық оқушылар мен педагогтарды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз. Мектеп түлектеріне алдағы емтихандарына сәттілік пен үлкен өмірге аттаған қадамдарына ақ жол тілейміз!