
Бүгінгі ашылған кондитерлік цех түрлі тәттілер мен торттар жасап шығарады. Цехтың жетекшісі Аяулым Ташенова. Ол,«Табысты Отбасы» әлеуметтік жобасының түлегі. Жобаға дейін ол, тәттілер жасауды тек хоббиі ретінде санаған. Кондитерлік өнімдері қала тұрғындары арасында танымал бола бастап, «Табысты отбасы» жобасы арқасында сол өнімдерді шағын цехта шығаруға мүмкіндік алған Аяулым Ташенова өз алғысын білдірді.
— Шағын кәсібімді ашып жатқаныма қуаныштымын. Мен баламның денсаулығына байланысты үйде отырған ана едім.«Табысты отбасы» жобасына қатысып, үлкен мүмкіндіктерге қол жеткіздім. Бұрын хоббиім ретінде айналысып жүрген кондитерлік өнімдерді, жоба аясындағы бағыт бойынша оқып бітірдім, - деді Аяулым Ташенова.
«Балаларды қорғау күні» қарсаңымен тұспа - тұс келген кондитерлік цехтың ашылуына «Табысты Отбасы» әлеуметтік жобасының түлектері және тәлімгері Лаура Байділданова қатысты. Сонымен қатар, цехта Аяулым Тәшенованың тәтті кондитерлік өнімдерінің барлық ассортименті дайындалып, көрсетілді.