
Мәселен, жергілікті тұрғындар «Треугольник» шағын ауданын жарықтандыру мәселесін шешуді сұрады, оны маусым айында қарау жоспарлануда, мамандар тексеру жүргізіп, акт жасайды. Тағы бір тұрғын студентті грантқа ауыстыруды және тұрғын үйге көмек көрсетуді сұрады.
Бұдан басқа, адамдар облыс әкімінен тозған электр желілерін жаңартуға, ауыз сумен қамтамасыз етуге және саяжай алаптарының аумағынан қоқыстарды шығаруға жәрдемдесуді сұрады. Қала тұрғындарын белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін баспанаға айналатын қараусыз қалған ғимараттар да алаңдатады.