USD443.85EUR474.3RUB4.8

ДЕНСАУЛЫҚ ПОЙЫЗЫ АУДАНДАРДЫ АРАЛАУДА

26 мамыр 2023, 17:18
Денсаулық пойызымен жолға шыққан дәрігерлер еліміздің барлық аймақтарын аралайды. Тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіп, денсаулықтарына байланысты кеңестер береді.
ДЕНСАУЛЫҚ ПОЙЫЗЫ АУДАНДАРДЫ АРАЛАУДА

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өз жұмысын Шығыс Қазақстан мен Абай облысынан бастады. Бұл туралы Қазақстан темір жолы «ҰК»АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Денсаулық пойызы 23 мамырдан 12 маусымға дейін ШҚО мен Абай облысының 11 станциясын басып өтеді.

Дәрігерлер, қажет болған жағдайда, шағын оталар жасайды, емханаларында бейінді мамандары жоқ шалғайдағы кенттердің тұрғындарын жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдама береді.

Пациенттер сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады (түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін). Жарма станциясына пойыз 23 мамырда келді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar