USD444.32EUR473.33RUB4.76

Абай облысында Интернет сапасын жақсарту бойынша Жол картасына қол қойылды

26 мамыр 2023, 16:57
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Абай облысына сапары шеңберінде өңірдің елді мекендерінің интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Қол қою рәсіміне облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қатысты.
Абай облысында Интернет сапасын жақсарту бойынша Жол картасына қол қойылды

Осы Жол картасын іске асыру шеңберінде 2027 жылға дейін Абай облысының елді мекендерінің 94%-ын интернетке сапалы кең көлемді қолжетімділікпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Интернетпен қамтамасыз ету, әсіресе шалғай ауылдардың тұрғындары үшін маңызды мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда облыста 331 елді мекен, оның ішінде 4 қала орналасқан. Абай облысы әкімінің аппараты жүргізген талдауға сәйкес 65% немесе 215 елді мекен интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етілген, 28% немесе 93 ауылда желі жоқ. 

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Абай облысының әкімдігі өңірдің елді мекендерін интернетпен және байланыспен толық қамтамасыз ету немесе қосылу сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін жұмысты бастады. Бейінді министрлікке «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде ұялы желі сигналын және интернет сапасын жақсарту үшін талшықты-оптикалық байланыс желісін салу қажет ауылдардың тізімі жіберілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar