
«Келденбай Раузаұлы еңсерген биіктер, бағындырған белестер, қол жеткізген жетістіктер кез келген жан қызығардай тағылымды.
Абайша айтсақ, «өлмейтұғын артына сөз қалдырған» Келденбай Өлмесековтің Шәкәрім мұрасының іздеушісі ретінде тарих бетінде қалары анық. Бүгін ашылғалы жатқан ескерткіш тақта қаламыздағы жас өнерпаздарға темірқазықтай жол көрсетер жарық сәуле болсын»,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.
Жиын барысында әншінің ән қоржынынан әндер шырқалып, естелік ғұмырнамалар айтылды.