Орман алқабындағы өртті сөндіруге желдің екпіні және сулы-батпақты жерлер кедергі келтіріп, ауыр техниканың қозғалысын қиындатуда.
Өрт шалған аумақтың ауданы 3,5 мың Га құрады.
Орман өртін сөндіруге 201 бірлік техника, 8 тікұшақ, 1 өрт сөндіру пойызы және жеке құрамның 852 адамы жұмылдырылды.
Бүгін Бородулиха ауданы бойынша төтенше жағдай режимі жарияланады.
Елді мекендерге қауіп жоқ, дегенмен сақтық шаралары мақсатында 277 адам өздігінен туыстарының үйлеріне эвакуацияланды.
Тонау фактілердің алдын-алу мақсатында эвакуация орнында 20 полиция қызметкері кезекшілік етуде.
Бородулиха ауылында 331 орынға шұғыл эвакуация жағдайына 3 эвакуациялық пункт дайындалды.
Орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда және бақылауда.