USD443.16EUR480.39RUB4.94

НҰРЛАН ҰРАНХАЕВ БҰҰ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

23 мамыр 2023, 15:37
Кездесуде Абай облысының әкімі Біріккен Ұлттар ұйымының өкілдерімен өңірдегі одан арғы жұмыс туралы пікір алмасты. Өңір басшысы кездесуді аша отырып, Абай облысының, атап айтқанда оның әкімшілік орталығы – Семей қаласының ерекшелігін атап өтті.
НҰРЛАН ҰРАНХАЕВ БҰҰ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

— Біздің қала бүкіл елде өмірдің көптеген салаларында ізашар ретінде танымал. Семейде алғашқы Қазақстандық телеграф пен су құбыры пайда болды. Осыдан бірнеше күн бұрын біз қазақстандық Метрологияның 100 жылдығын атап өттік, оның бастауы біздің қаламызда болды,- деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы өңір әкімдігі БҰҰ өкілдерінің жұмысына жәрдем көрсетуге дайын екенін айтты.

БҰҰ-ның ҚР-дағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори атап өткендей, ұйым жұмысында Қазақстан мен халықаралық қоғамдастықтың байланыстарын жан-жақты дамытуға және нығайтуға ерекше назар аударылады.

 

- Кездескеніңіз және оны ұйымдастыруға көмектескеніңіз үшін көп рақмет. Тарихи аймақта болу біз үшін үлкен мәртебе. БҰҰ Қазақстанда 27 Агенттікпен ұсынылған. Біз Президенттің халықтың ең осал топтарын қолдау туралы күн тәртібін көріп отырмыз. Соңғы 30 жылда отбасылар біздің көптеген бағдарламаларымыз үшін өте маңызды нүкте болды», - деп атап өтті Фриберг-Стори.

Кездесу соңында тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

7 сағатқа жетпей
7 сағатқа жетпей
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar