USD502.47EUR525.83RUB5.68

ЖЕҢІС ТУЫН ЖЕЛБІРЕТТІ

17 мамыр 2023, 14:26
Абай облысының балуаны дзюдодан Азия ойындарының чемпионы атанды
ЖЕҢІС ТУЫН ЖЕЛБІРЕТТІ

Қазақша күрес және дзюдодан республикалық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы Бекзат Манасбаев шеберлер арасында Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Жарыс Оңтүстік Кореяның Кочхан қаласында өтуде, спортшы 81 кг салмақ дәрежесінде, 30-34 жас топтары арасында өнер көрсетті.

Өткен жылы да шеберлер арасында Азия ойындарының біріншілігі біздің отандасымыз Бекзат Манасбаевтың қолында болғанын айта кетуіміз керек.

Чемпионды жеңісімен құттықтаймыз және алдағы спорттық мансабына сәттілік тілейміз!

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar