USD502.47EUR525.83RUB5.68

2030 жылға қарай облыста 89 мың жұмыс орны ашылады

04 мамыр 2023, 15:22
Облыс тұрғындарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мемлекеттік әлеуметтік қолдау шеңберінде, атап айтқанда, «Бірінші жұмыс орны», «Түлектерге арналған Жастар практикасы» жобалары арқылы жүзеге асырылады
2030 жылға қарай облыста 89 мың жұмыс орны ашылады
Абай облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов бұл шараларды іске асыру 2030 жылға қарай 4 нысаналы индикаторға қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті:
  • еңбек қызметінен түсетін кірістердің ақшалай баламадағы үлесі 65,7% - дан 75% - ға дейін өседі;
  •  табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 6,7%-ға дейін төмендейді;
  • жұмыссыздық деңгейі 5%-дан 4,6%-ға дейін төмендейді;
  • 89 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.
- Облысқа инвестиция тарту біздің жұмысымыздың негізгі бағыты болып табылады. Өткен жылы 2 жоба іске қосылды. Жалпы, 2028 жылға дейін инвестициялық жобалар пулы құрылды, оның шеңберінде 6,8 мың жұмыс орнын қамтитын 43 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде биыл 800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. 8 жоба жүзеге асырылуда, - деп қорытындылады Айдын Кәрімов.
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar