
Ол бастауыш сынып оқушыларынан басқа, 350 балабақшада көпбалалы отбасылардан 5 700 бала тегін тамақтана алатынын атап өтті. «Осы санаттағы балалар қосымша білім беру ұйымдарына, үйірмелер мен секцияларға тегін барады. Қамқоршыларға 600 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жәрдемақы төлеуге 200 млн теңге қарастырылған», - деді Шалқар Байбеков.
Оқушы орындарының тапшылығы проблемасын шешу мақсатында 2027 жылға дейін облыста 9500 орындық 18 мектеп салынады. Атап айтқанда, Семейде 5 мектеп салу жоспарлануда. «Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 87 жаңа кабинет жабдықталады, сондай-ақ 11 ауылдық мектепте автобустар сатып алынады. Бұдан басқа, ағымдағы жылы 8 мектеп пен 1 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізіліп, Абай облысының 85 мектебіне ағымдағы жөндеу жүргізіледі»,- деп атап өтті Шалқар Байбеков.