USD502.47EUR525.83RUB5.68

Абай облысының Бесқарағай және Үржар аудандарының 95 жылдық мерейтойына орай іс-шаралар басталды

02 мамыр 2023, 10:23
Мерейтойды ұлан-асыр тойға ұластырып, жер жерде дәстүрлі олимпиада, спорттық жарыстар өткізілуде. 95 жылдық мерейтой 95 жыл ел аузында қаларлықтай ұйымдастырылып, қазақы-салт дәстүрде, жаңа заман талабыда шет қалмады.
Абай облысының Бесқарағай және Үржар аудандарының 95 жылдық мерейтойына орай іс-шаралар басталды
Бесқарағай ауданында ауданның 95 жылдығын мерекелеу басталды. Бүгін мұнда жасөспірімдер арасында гір көтеру бойынша облыстық турнир өтті. Ашық жарысқа Семей, Курчатов, Аягөз командалары, сондай-ақ Жарма, Бородулиха және Бесқарағай аудандарының спортшылары қатысты. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов қатысты.
Салауатты өмір салты мен спорт - табысты қоғамның кепілі. Спортты насихаттау мақсатында және Үржар ауданының 95 жылдығына орай бүгін 35 жастан жоғары ерлер командалары арасында Үржар ауданы әкімінің кубогына шағын футболдан ашық аудандық турнир өтті. Турнирге Үржар, Мақаншы, Жарма, Аягөз, Достық құрама командалары қатысты.
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar