USD502.47EUR525.83RUB5.68

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті

25 сәуір 2023, 09:48
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласына ресми сапармен келген АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті. Кездесу барысында өңір басшысы америкалық дипломатқа ілтипат білдіре отырып, Абай облысына инвестициялар тарту үшін барлық жағдайлар жасауға дайын екендігін білдірді.
АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюммен  кездесті
   - Қазақстан мен АҚШ 30 жылдан астам уақыт ішінде – саяси, әскери, экономикалық және тағы да басқа салаларда өзара тығыз байланыс орнатты. Жаңадан құрылған Абай облысы шетелдік әріптестермен, соның ішінде америкалық кәсіпорындармен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Өңірімізге инвестиция тарту үшін жан-жақты қолдау көрсетуге және қажетті жағдай жасауға дайынбыз, - деді Нұрлан Уранхаев.
     Бүгінгі күні АҚШ Қазақстанның 62 миллиард доллардан астам инвестиция құйған ірі инвесторлардың бірі болып табылады. Экономикасы тау-кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі және ауылшаруашылығы салаларына негізделгендіктен біздің облысымыз өнеркәсіптік болып табылады.
   - Семейге алғаш келгеніме қуаныштымын. Осы облыстағы серіктестігімізді жалғастырғымыз келеді. Болашақта Ұлы Абайдың туған жеріне Қарауыл мен Жидебайға барамын деп үміттенемін. Қазақстан тәуелсіздігінің ең бастапқы кезеңінен бастап, Қазақстанның ядролық қарудан бас тартып, ядролық материалдарды таратпау көшбасшысына айналуы АҚШ-тың қызу қолдауына ие болды. Соңғы 15 жылда Қазақстанға АҚШ-тан 15 миллиард доллар тікелей инвестиция құйылған, - деді Дэниел Розенблюм.
▫️Айта кетейік Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет Арканзас Университетінің жаңғыртылмалы қуат технологияларын ауылшаруашылықта қолдану туралы бастамасына қосылды.
    Айта кетер болсақ, АҚШ 1991 жылдың 25-ші желтоқсанында ең алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады. Ал 1992 жылы Америка Құрама Штаттары Алматы қаласында өзінің елшілігін ашып, 2006 жылы оны Астана қаласына ауыстырды. Сонымен қоса АҚШ Семей полигонын жабу мәселесінде Қазақстанды қолдап, 1993 жылы ядролық бомбаларды, қару-жарақ материалдарын және оларды жарақтандыратын инфрақұрылымдарды жоюға көмектесті.
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar