USD502.47EUR525.83RUB5.68

Абай облысында Макроэкономиканың белсенді дамуы байқалады

20 сәуір 2023, 13:29
Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңес барысында аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді
Абай облысында Макроэкономиканың белсенді дамуы байқалады
«340,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осылайша, 3 352 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Жалпы, 2023 жылдың 3 айында Макроэкономиканың белсенді дамуы байқалады. Құрылыс көлемі 156,8%, инвестициялар – 115,9%, өңдеу өнеркәсібі – 118,3% құрады. Бюджет 24,2 млрд теңгені құрайды», - деді ол.
  Өңір басшысының айтуынша бюджет шығыстары сумен жабдықтауды дамытуға екі есеге немесе 8,8 млрд теңгеге, жолдарды жөндеуге 3 есеге немесе 11 млрд теңгеге, білім беруге 1,2 есеге немесе 32,4 млрд теңгеге, денсаулық сақтауға 2 есеге немесе 4,8 млрд теңгеге және ауыл шаруашылығына 6 есеге немесе 17,7 млрд теңгеге ұлғайды.
«Облыс орталығы мәртебесін алғаннан кейін Семей қаласының дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Семей қаласының бюджеті биыл 50%-ға өсіп, 85,4 млрд теңгені құрады. ТКШ-ны қаржыландыру 1,4 есе және әлеуметтік қорғау 1,5 есе ұлғайтылды», - деп түйіндеді Нұрлан Ұранхаев.
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar