USD502.47EUR525.83RUB5.68

Абай облысында сақ дәуіріндегі алтын жәдігерлер табылды

19 сәуір 2023, 15:37
Археологтар 3 мыңға жуық алтыннан жасалған жәдігерді Семейдегі өлкетану музейіне табыстады
Абай облысында сақ дәуіріндегі алтын жәдігерлер табылды

 Өткен жылы ғалымдар Абай облысындағы Бозай қорғандарында қазба жүргізген. Нәтижесінде сақ қорғандарының бірінен алтын адам киімінің фрагменттері анықталған. Өкінішке қарай, қорым бұрын тоналған болып шықты. Ондағы қымбат металдан жасалған ірі-ірі бұйымдар қолды болған көрінеді. Ғалымдардың қолына содан қалған ұсақ алтын моншақтар, аң бейнесіндегі және өзге де әшекейлер түскен. Одан бөлек археологтар бұған дейін белгісіз болып келген 100-ге тарта түркі, ерте темір дәуіріндегі ескерткіштерді анықтаған. Енді ол жерлерге де жаңа экспедиция ұйымдастырылмақ.

Ғани Омаров, археолог-ғалым:

Елең еткізетін жаңалық деп айтуға болады. Бұл сонау сақ дәуірінің ақсүйектерінің бірі жатқандығы анықталды. Алтын заттар көптеп ұшырасты. Өте бір ыждаһаттылықпен жасалынған. Зергерліктің бір керемет туындылары.
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar