USD502.47EUR525.83RUB5.68

Абай облысы Көкпекті ауданында жайып суғару әдісі қолданысқа енгізілуде

19 сәуір 2023, 12:05
Жайып суғару - топырақты жергілікті ағынды сулармен терең, бір реттік көктемгі ылғалдандыру. Жайып суғару тәсілінде еріген су, су тасқыны, сондай-ақ су қоймалары мен каналдардағы артық су шабындық жерлерді суғару үшін қолданылады
Абай облысы Көкпекті ауданында жайып суғару әдісі қолданысқа енгізілуде

Жайып суғару әдісін жүзеге асыру мақсатында Көкпекті ауданы бойынша былтыр күзде елдімекендердегі қолданылатын гидроқұрылғылар мен каналдарда тиісті жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылы аудан бойынша 21 830 га шабындық жерді суғару жоспарлануда. Бүгінгі күні 7,5 мың га аса шабындық жер аталмыш әдіс бойынша суғарылуда.

Жалпы Көкпекті ауданы бойынша жайып суғару әдісін қолдану арқылы былтырғы жылмен салыстырғанда 2-3 есе көп жем-шөп алып, нәтижесінде оның бағасын тұрақтандыру күтілуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar