
Бижанов Дәулет Ерназарұлының сөзінше: «2023 жылы Департаментке облыстың аудандық және қалалық жер қатынастары бөлімдерінен жалпы алаңы 475389,0 га жер учаскелерін нысаналы мақсаттарына сәйкес пайдаланбай отырған 237 агроқұрылым субьектілеріне қатысты тексерулер жүргізу жөнінде хаттар түсті. Бүгінгі күні аталған субьектілер бойынша Департаментпен 30 субьектіге қатысты жалпы алаңы 56003,6 га жер учаскесіне жоспардан тыс тексерістер жүргізіліп, нәтижесінде 7 субьекті бойынша заң бұзушылық анықталған жоқ, қалған 23 субьекті бойынша заң бұзушылық анықталып бір жыл мерзімге нұсқамалар берілді. Былтыр Республика бойынша пайдаланылмай отырған 5,4 млн.га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. 2023 жылы ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша республика бойынша пайдаланылмай жатқан 5 млн.га жерді қайтару тапсырмасы тұр. Бүгінгі күні мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскесінің көлемі 96209,2 га»- деді Департамент басшысы. Және де алдағы уақытта игерілмей жатқан жерлерді егін егу мақсатында алатын азаматтарға белгілі конкурс нәтижесімен жер тапсырылатынын айтты.
Е.Ө ақпарат