USD502.47EUR525.83RUB5.68

Көктемгі су тасқыны жағдайын бақылау

06 сәуір 2023, 14:15
Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков, Абай облысы ТЖД басшысы Манарбек Шапағатов, Абай облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы Болат Агимановтан тұратын жұмыс тобы су тасқыны жағдайына аэровизуалды тексеру жүргізді
Көктемгі су тасқыны жағдайын бақылау
 Елді мекендердегі жағдайға мониторинг жүргізіліп, өзендердің арналары мен гидротехникалық құрылыстар зерттелді. Мамандар Жарма, Көкпекті, Аягөз аудандарының жазықтары мен Үржар, Ақсуат аудандарының Тарбағатай жотасының биік таулы аймақтарында қар қорының жағдайы бақыланды.
  Бүгінгі таңда қардың еруі мен топырақтың еруінің белсенді кезеңі жүріп жатыр. Өзендердегі жағалау аумақтарында су басу байқалмайды. Көкпекті ауданының барлық аумағында қар жамылғысы байқалса, қалған аудандарда қар жамылғысының еріп кетті деп айтуға болады. Тарбағатай жотасының биік таулы беткейлерінде тұрақты қар жамылғысы байқалса, ал аласа таулы бөлігінде қар жамылғысының жартылай еруі байқалады. Сондай-ақ, жұмыс тобы Аягөз ауданының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, Кіші Аягөз өзенінің жайылмасы өтетін Аягөз қаласының шығыс бөлігін тексерді.
 -Гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Су тасқыны кезеңінен өту мәселесі облыс әкімдігінің бақылауында, – деді Дмитрий Гариков.
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar