
Өңірлік даму перспективалары талқыланды
Негізгі бағыттардың ішінде:
1. Инвестициялық саясатты қалыптастыру
2. Инвестицияларды тарту бойынша жол картасын құру (жұмыс тобы да құрылды)
3. Әуе тасымалы
4. Білім беру және басқа салалар.
-Біз мемлекеттік деңгейде де, бизнес деңгейінде де жұмыс істейміз. Соның нәтижесінде кем дегенде бір келісімшарт жасалса, бұның өзі біз үшін жақсы нәтиже, - деді Нұрлан Ұранхаев.
Сондай-ақ Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Красноярск өлкесінің губернаторы Александр Усспен кездесуі жоспарланған.