USD502.47EUR525.83RUB5.68

Абай облысында 2023 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 204 грант беру жоспарлануда

02 наурыз 2023, 15:54
Грант алушылар қатарында жастар, көп балалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар, АӘК алушылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, қандастар және басқа да әлеуметтік осал топтардың өкілдері бар.
Абай облысында 2023 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 204 грант беру жоспарлануда

Абай облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айнұр Сұлтанова ӨКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында атап өткендей, бұл мақсаттарға 281,5 миллион теңге бөлінді.

Грантқа үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқығаны туралы мерзімі үш жылдан аспаған сертификаты болуы керек. Әрбір қатысушы грантты тек бір рет ала алады. Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, адами факторды азайту және үміткерлерге ыңғайлы болу үшін гранттарды берудің барлық процесі электронды форматқа көшірілді. Грантқа өтінімдер бір терезе – Business.enbek.kz порталы арқылы қабылданады,- деп атап өтті Сұлтанова.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar