
«Кванториум» балалар технопаркі – жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген, заманауи қосымша білім беру мекемесі. Мұнда мектеп оқушылары ғылыми-зерттеулер және инженерлік-техникалық бағыттары бойынша ізденіс жұмыстарымен айналысады.
Абай облысында көпфункционалды Оқушылар сарайын салу жоспарлануда. Осыған байланысты облыс делегациясы технопарктің құрылымы мен мазмұнын зерделеп, ресейлік тараппен педагогикалық кадрларды даярлауды ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады.