
2022 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,1 трлн. теңгеден асса, Бесқарағай ауданының үлесі 1,5 млрд. теңгені құрайды.
Бұл жерде, аудандағы тау-кен өндіру саласындағы «Семей Орда», «Казхимтесснаб», өңдеу саласында «Лесресурс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Суды жинау, өңдеу және тарату» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын атап өткен орынды.
Облыс бойынша бөлшек тауарайналым көлемі 19,3%-ке ұлғайып, 438,8 млрд. теңгені құрады. Бесқарағай ауданы бойынша бұл көрсеткіш – 4,9 млрд. теңге. Жұмыс істеп тұрған 49 693 шағын және орта бизнес субъектісінің 1060 бірлігі осы ауданға тиесілі.
Облыстың аграрлық өңір екені белгілі.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9,8% өскен.
Ауданның үлесі –7,7 %.

Жер қатынастары саласында нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар атқарылуда.
Өткен жылы жалпы алаңы 125,9 мың гектар 152 учаске анықталып, 84,7 мың гектарды алып жатқан 134 учаске мемлекет меншігіне қайтарылды. Бесқарағай ауданы бойынша жалпы ауданы 8,2 мың гектар 17 учаске анықталып, бүгінде 5,3 мың гектардағы 5 учаске қайтарылды.
Тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Өткен жылы 19,8 млрд. теңгеге 38 сумен жабдықтау нысанының құрылысы мен реконструкциясы басталды.
Ағымдағы жылы сумен қамтамасыз ету жұмыстары бұл бағытта жұмыстар жалғасатын болады. Бірнеше ауылда сумен жабдықтау желілерінің құрылысын аяқтау және су тарту жұмыстарын бастау жоспарланған. Сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы қарастырылған.

2026 жылға қарай облыс бойынша жалпы 96, оның ішінде Бесқарағай ауданында 10 сумен жабдықтау объектісін салу және қайта жаңарту жоспарлануда.
2025 жылға дейін облыс бойынша орташа жөндеумен шамамен 30 млрд теңгеге 800 км жолды жөндеу жоспарланған.
Ауданның автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 578 км, оның ішінде: республикалық – 146 км, облыстық – 192 км, жергілікті маңызы бар жолдар 240 км құрайды.
Облыста оқушы орындарының тапшылығы (8 698) мәселесі бар. Оны шешу мақсатында өткен жылы жиыны 1700 орынға 4 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның бірі – аудандағы Жыланды ауылында орналасқан.
Ауданда 2 897 оқушысы бар 21 мектеп жұмыс жасайды. Беру объектілерін жөндеуге бюджеттен қаржы қарастырылған.
2024-2025 жылдары Бесқарағай ауылында 300 орындық мектеп, Белокаменка ауылында 50 орынға арналған шағын жинақты мектеп салу жоспарда бар.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында аудан орталығындағы балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.
Аудан тұрғындарының игілігіне 72 спорт нысаны жұмыс жасайды. Жергілікті бюджет есебінен Долонь ауылында спорт алаңы орнатылды.
Елдің рухани байлығы – мәдениетке әрқашан ерекше көңіл бөлінеді.
Ағымдағы жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша Канонерка ауылындағы клуб ғимаратының шатырын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.