
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев азаматтарды қабылдау барысында Семей қаласының Кемежай ауданында жол бөлігінің ені тар болғандықтан қосымша маршрут қосу мүмкін емес екендігін түсіндірді. Аталмыш ауданның жарықтандыру мәселесіне қатысты конкурстық рәсім жүргізілуде екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, Семей қаласының Целинная және Железнякова көшелерінің арасында орталықтандырылған су құбырын жүргізуге қатысты сұрақтар қойылды. Облыс әкімі атап өткендей, қазіргі уақытта су құбырын салу жұмыстары жүргізілуде.
Қабылдау барысында тұрғындар көтерген тақырыптар арасында тұрғын үй мәселесі де болды.
Естеріңізге сала кетейік, Абай облысының әкімінің қабылдауына жазылу "азаматтардың өтініштерін бақылау бөлімі" арқылы жүзеге асады. Әкім қабылдауына жазылу телефоны: 8 (7222) 52 39 21.