
Бұл туралы «Абай облысында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамыту» спорт клубының алғашқы кеңейтілген отырысында айтылды.
Жиын облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбековтың төрағалығымен дөңгелек үстел форматында өтті.
-Бұл кездесу мүмкіндігі шектеулі спортшыларға ең алдымен не қажет екенін тікелей білу үшін маңызды,- деді Шалқар Байбеков.
Кездесу барысында спортшылар толғандырған сұрақтарын қойып, көптен бері шешімін таппай жүрген мәселелерді көтере алды. Соның ішінде инватакси, мүмкіндігі шектеулі адамдардың бассейнге баруы, спортшыларды ынталандыру, жыл сайынғы турнирлер өткізу және комиссиялардан өту үшін спорт диспансерін құру және т.б.