USD502.47EUR525.83RUB5.68

Абай облысының тұтынушыларының назарына

20 ақпан 2023, 15:50
Абай облысының тұтынушылары «Е-тұтынушы» және «Е-өтініш» ақпараттық жүйелері арқылы электронды түрде шағымдарын қалдыра алады. Айта кетейік, тұтынушылар Семей қаласы, Чехов көшесі 35, «Нұр» сауда үйі, 10 кабинетте орналасқан «Қорғаушы» қоғамдық бірлестігіне жүгіне алады, деп хабарлайды өңірлік Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті.
Абай облысының тұтынушыларының назарына
Айта кетейік, былтыр «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы әзірленді.
Заң жобасы қолданысқа енгізілгеннен кейін тұтынушылардың құқығын қорғау саласында жаңа формалар енгізіледі. Бұл салада үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесі артып, «Тұтынушылардың ұлттық қауымдастығы» пайда болады, дегенді тілге тиек етеді мамандар.
Егер кәсіпкер тұтынушымен туындаған дауды сотқа дейінгі тәсілдер арқылы шешпей, іс сотқа тапсырылып, сот шешімі кәсіпкерді кінәлі деп табатын болса, кәсіпкерге заңда көрсетілген жауапкершіліктен бөлек, тұтынушыға келтірілген шығын көлеміне орай 10-50 пайыздық мөлшерде айыппұл салынады. Бұл айыппұл істі сотқа дейін жеткізген қоғамдық ұйымның есебіне аударылады.
Сонымен қатар тұтынушыладың құқығын қорғау мақсатында омбудсмен институты енгізілмек.
Қоса кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген медициналық препараттар; іш киімдер; өлшеніп сатылатын тауарлар және мобильді байланыс құралдары қайтаруға жатпайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar