
Конференцияға облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Анзор Абаев, Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов, сондай-ақ, ғылым өкілдері мен фермер қожалықтарының басшылары қатысты.
Белгілі болғандай, осы шаруа қожалығының "Бесқарағай түрінен" шыққан шойынқара және байторы түріндегі қазақ жылқылары селекциялық табысқа жетіп, ұрпақтарын алды. Бұл еңбектер бағаланды.
ШҚ басшысы Хабидулла Қабдулұлы Мукинов облыс әкімі Нұрлан Уранхаевтың алғыс хатымен марапатталды, ал осы жұмысты бірлесіп атқаратын азаматтар Бесқарағай ауданы әкімінің алғыс хаттарымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.