
Оның қолынан шыққан туындылар Семей, Астана, Алматы, Өскемен қалаларының көшелерінде танымал. Солардың ішіндегі Семей қаласының көшелерінде «Абай мен ұлдары» және «Ұстаз бен шәкірт» мүсіндері орнатылған.
Абай облысының құрылуымен тұспа-тұс орнатылған Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған мүсінді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашқан болатын.