USD445.66EUR474.58RUB4.78

Қоршаған ортаны қорғауға арналған жұмыстар

25 қаңтар 2023, 12:20
Бұл туралы Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Данияр Тоқтыбаев баяндады.
Қоршаған ортаны қорғауға арналған жұмыстар

Басқарма - орман, балық және аңшылық шаруашылығы, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласына жауапты.

Басқарма басшысының айтуынша, былтыр Абай облысына қарасты елді мекендерде 72 511 ағаш отырғызу жоспарына сәйкес 73 869 түп ағаш отырғызылды. 2023 жылы ағаш отырғызу жұмыстары жалғасады.

Абай облысында халықты балық өнімдерімен қамтамасыз етуді арттыру және балық шаруашылығын дамытуға жағдай жасау мақсатында екі табиғат пайдаланушы өзен-көлдерге 1,5 мың сазан (тұқы) дернәсілі мен 60 мың дана тұқы балығын жіберді. 2023 жылы Шүлбі су қоймасына 200 мың шабақ жіберу жоспарланған.

Аймақта 17 аңшылық шаруашылығы бар, олардың 6 Шығыс Қазақстан аңшылар және балықшылар қоғамына тіркелген, ал 11-і резервте.

2022 жылдың қазан айынан облыстық басқарма 75 мемлекеттік қызмет көрсетті. Сондай-ақ 35 қоғамдық тыңдау өткізілді.

Сонымен қатар, 2023 жылы Семей қаласы бойынша рұқсат етілген шығарындылар көлемін анықтау, коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу, қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалық құжаттар, жол карталарын дайындау мен жүзеге асыру сияқты бірқатар шаралар жоспарлануда.

Қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесін шешу мақсатында Абай облысын дамытудың кешенді жоспарына Семей қаласында жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жобасы енгізілген.

Қоршаған ортаны қорғаудың 2024-2025 жылдарға арналған жоспары аясында Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Абай, Бесқарағай және Үржар аудандарында 28 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу және жаңғырту жоспарлануда.

Сондай-ақ, Бесқарағай және Бородулиха аудандарындағы барлық рұқсат етілмеген үйінділер мен Семей қаласында 66 учаске жойылды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar