USD447.4EUR477.55RUB4.76

«Сәруар» этностудиясы музейде қонақта

24 қаңтар 2023, 17:06
Қазақтың тілін, салт-дәстүрін өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп жүрген Семей қаласындағы «Сәруар» этностудиясы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнерінің музейінде қонақта болды.
«Сәруар» этностудиясы музейде қонақта

Музейде қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің, сондай – ақ XX-XXI ғасырлардағы қазақстандық суретшілердің туындыларының тамаша коллекциясы бар. Және әртүрлі тақырыптар бойынша балаларға арналған шығармашылық тренингтер мен шығармашылық сабақтарға бай.

Балалар картиналар мен қолөнер жәдігерлерін көздерімен, суретші құралдарын қолдарымен ұстап көрді.

Экскурсия тыңдап болғаннан кейін,қызықты квест ойынға қатысты. Олар картинадан түсіп қалған заттарды тауып, ертегі желісі бойынша салынған суретшілердің шығармаларынан пазл құрастырды.

Қолөнерге байланысты жасырылған жұмбақтарды да шешті. Кейбір картиналарға өздері сипаттама жасап, ойларын айтып, тіпті Сапугов Әбелден Ғаниұлының “Бата беру” (1973. Кенеп, майлы бояу) жұмысын тамашалап, студияда жаттаған баталарын берді.

Музейден алған шабытпен студияда пуантилизм техникасында туған жерге арнап сурет салып, өздерін нағыз суретші сезінді. Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнерінің музейінің есігі әрқашан да барша көрерменге ашық.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar