USD502.47EUR525.83RUB5.68

Брифинг: «Тарифті инвестицияға айырбастау»

20 қаңтар 2023, 16:27
19 қаңтар күні Абай өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Абай облысы бойынша департамент басшысы Мейр Серікұлы Мадиевтің қатысуымен «Тарифті инвестицияға айырбастау» тақырыбында брифинг өтті.
Брифинг: «Тарифті инвестицияға айырбастау»

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

- Заңға енгізілген өзгертулер табиғи монополиялар субъектілеріне қосымша инвестиция тарту арқылы тозығы жеткен коммуналдық желілердің тозуын кем дегенде 15%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Абай облысы бойынша инженерлік желілердің тозуы орта есеппен 58,6%-ды құрайды, оның ішінде жылумен жабдықтау желілерінің 68%-ды, «Семей Водоканал» мекемесі бойынша желілердің тозуы 67-78% аралығын құрайды. Апаттық жағдайды болдырмау мақсатында тариф белгілеу арқылы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады,- деді Мейр Мадиев.

Оның айтуынша, заңның екінші бағыты бойынша, субьектілер қызмет көрсетуге арналған иесіз жерлерді өз теңгеріміне тікелей немесе сенімгерлік басқаруға алған жағдайда, күтіп ұстау шығындарын осы тариф арқылы жүзеге асыра алыды.

- Жыл ішіндегі статистикалық деректерге сүйенсек, облыстар мен өңірлердегі коммуналдық сала қызметкерлерінің тарифтегі жалақысы сала бойынша орташа айлық атаулы жалақыдан төмен. Осыған байланысты білікті мамандар қызметтен кетуде. Заңға сәйкес олардың жалақысын орташа айлық атаулы жалақы деңгейіне дейін көтеру жоспарлануда. Республика бойынша орташа жалақы - 299 782 теңге, - деді Мейр Мадиев.

Департамент басшысы тариф деңгейіне желілердің тозуын төмендетуге бағытталған инвестициялар ғана емес, сонымен қатар ТМС қызметкерлерінің жалақысын арттыруға, субъектілерге балансқа берілген жағдайда иесіз желілерді ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындар да енгізіледі. Сондай-ақ, аталған салада цифрландыру жүзеге асып жатқаны айтылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar