USD474.83EUR515.38RUB5.5

Нейминг тәжірибесі

20 қаңтар 2023, 15:43
«Арена» мәдени-спорттық кешені демеуші брендінің атауыны қолдану жөніндегі әлемде кеңінен таралған тәжірибеге жүгіне алады. Яғни, Семейдегі үлкен спорт нысанының атауы өзгеруі мүмкін.
Нейминг тәжірибесі

Мәселенің ұтымды жағына тоқталар болсақ, спорт алаңының атауын өзгерту оны күтіп-ұстауға кететін шығындарды азайтуға көмектеседі. Ал үнемделген қаражат есебінен балалар спортын дамыту үшін тегін үйірмелер мен секциялар ашуға мүмкіндік туар еді.

Осы кезекте мәдени-спорттық кешеннің коммуналдық қызметі үшін жылына 132 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалатынын атап өту қажет.

Нейминг, яғни атау өзгерту тәжірибесі әлемде кеңінен тараған үрдіс: стадионның атауын бірнеше жылға жалға беру және т.б. арқылы түскен қаражат кешендер/командаларды күтіп-ұстау үшін қажетті шығындарды жабуға қолданылады.

Айта кетер болсақ, соңғы жылдары қолданыстағы немесе салынып жатқан нысандардың атауларын сату үрдісі спорт менеджментінің маңызды элементіне айналды.

Ресейде осы бағыттағы алғашқы толыққанды мәміле мәскеулік «Спартак» пен «Открытие» банкі арасында жасалып, «Открытие Арена» пайда болды. Кейінірек нысандар «ВТБ Арена», «РЖД-Арена», «Газпром-арена» болып атала бастады.

Алматыдағы нейминг мысалына келер болсақ, Халық банкімен серіктестік нәтижесінде көп функционалды кешен «Halyk Arenа» атауына ие болды.

Стадиондардың неймингі бойынша шет елдердегі мысалдар: Ұлыбританиядағы Etihad Stadium, Германиядағы Allianz Arena, бірнеше еуропалық спорттық нысандар O2 деп аталады, Туриндегі Allianz Stadium және т.б.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar