
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) Абай облысының әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне енгізу мәселелерін қарау жөніндегі арнайы комиссияның жұмыс органымен әкімдіктің ресми сайтында әлеуметтік кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне енгізу бойынша өтініштерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру орналастырғанын хабарлайды. Бұл мәртебені тек әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар ала алады.
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін құжаттар 2023 жылғы 11 мен 15 қаңтар (қоса алғанда) аралығында мына мекенжай бойынша қабылданады: Абай облысы, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 8, каб. 232 (эл. пошта: m.malikazhdar@akimatabai.gov.kz, a.islamov@akimatabai.gov.kz). Толық ақпаратты 8 771 905 77 77, 8 701 183 28 77 телефондары арқылы білуге болады.