USD502.47EUR525.83RUB5.68

Облыс әкімі «4 лапы» қорының өкілдерімен кездесті

09 қаңтар 2023, 10:38
Абай облысында қаңғыбас иттер мен мысықтар үшін орталық салынатын болады.
Облыс әкімі «4 лапы» қорының өкілдерімен кездесті

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «4 лапы» қорының өкілдерімен кездесті.

Өңір басшысы Семей қаласының әкіміне арнайы қарастыруды үшін жер учаскесін іздестіруді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсанда Абай облысының жануарлар қорғаушылары өңір басшысына қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған орталық ұйымдастыру жөнінде өтініш білдірген болатын.

Нұрлан Ұранхаев бұл мәселені шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді. Араға 10 күн салып, екінші кездесу өтіп, тапсырмалар берілді.

Нұрлан Ұранхаев- Абай облысының әкімі:

- Жануарларға жанашырлықпен қарау - адами келбетіміздің көрінісі. Сондықтан оларға деген жауапкершілік сезімін бала кезден қалыптастыру керек. Осыған орай иесіз жануарларға орталық салуды қарастырамыз.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar