
Келген құтқарушылар үйде жалғыз қалған үш баланы тапты.
Осы уақытта Семей қаласының ООКЖО диспетчерлері азаматтық қорғау старшинасы А. Аринова мен азаматтық қорғау лейтенанты Н.Тойымбаева бейнебайланыс арқылы баламен байланысқа шықты. Ашық жану жоқ екеніне көз жеткізген олар, балаларға психологиялық көмек және де бөлмелерді желдету үшін балаға терезені ашуға ұсыныс берді.
Құтқарушылар оқиға орнына келгеннен кейін жас балалардың жеке үйде бұғатталғаны, ал күйік иісі бар екені белгілі болды.
МӨС-1 қызметкерлері құралдарының көмегімен алдыңғы есіктің құлпын бөлшектеп, балаларды жедел медициналық жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.
Семей қ. ССНМП қызметі балаларды тексергеннен кейін оларды Семей қ. облыстық балалар ауруханасына апарды. Ондағы дәрігерлер тексергеннен кейін оларға "жеңіл дәрежелі көміртегі тотығымен улану" алдын ала диагнозы қойылды, балалардың жағдайы тұрақты.