USD474.83EUR515.38RUB5.5

Жануарлар квотасы анықталды

06 қаңтар 2023, 09:35
Абай облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы 2023 жылға арналған жануарлар квотасын анықтады.
Жануарлар квотасы анықталды

Квоталар келесідей бөлінеді.

60 мың бұқашықтың ішінен алаңды бордақылауға 30 мың бас, тауар өндірушілерге — 30 мың бас келеді;

— 120 мың қойдың ішінен алаңды бордақылауға 30 мың бас; тауар өндірушілерге — 90 мың бас келеді.

1 бордақылау алаңына ІҚМ бойынша лимит 500 басты, 1 тауар өндірушіге – 200 басты, 1 бордақылау алаңына ІҚМ бойынша – 1000 басты, 1 тауар өндірушіге – 500 басты құрайды.

Осыған байланысты мүдделі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден бекітілген нысан бойынша экспортқа рұқсат алуға өтініш беру үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына жүгінуді сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2022 жылдың 31 желтоқсанынан бастап ауыл шаруашылығы жануарларын ел аумағынан әкетудің жаңа ережелері іске қосылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес квоталар тек 12 айдан асқан бұқашықтар мен 6 айдан асқан қошқарларға белгіленді және аналық мал басына қолданылмайды.



Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar