USD502.47EUR525.83RUB5.68

Абай облысының әскери қызметшісі "Х-Factor" жобасының финалына шықты

04 қаңтар 2023, 15:58
"Еуразия" телеарнасының "X-Factor" музыкалық мега-шоуы биыл тоғызыншы рет өткізілуде.
Абай облысының әскери қызметшісі

500-ге жуық қатысушы қатысқан турнирдің іріктеу кезеңі қазан айында басталды.

Айта кетейік, финалға тек тоғыз әртіс қатысқан. Олардың қатарында кіші сержант Мерхат Қанапьянов, "Восток" өңірлік қолбасшылығының гарнизондық Офицерлер үйінің эстрадалық-би бөлімінің меңгерушісі бар.

Әскери қызметші бала кезінен түрлі шығармашылық байқауларда өнер көрсетті. 2015 жылы "Жас қанат" республикалық байқауының жеңімпазы, ал 2021 жылы "Алтын Самұрық" халықаралық ән байқауының бірінші орын иегері атанды.

Әртісті Мерхат қызмет ететін әскери бөлімнің басшылығы қолдайды. Біздің ортадағы әріптесіміз өнердің мұзды шыңын бағындырғаны біз үшін үлкен мәртебе дейді. Қаланың ірі сауда орталықтарында жауынгерлік жолдасын қолдау үшін "Восток" өңірлік қолбасшылығының 32355-ш/б оркестрі концерт өткізді.

- Әріптесіміз бен отандасымызға қолдау көрсету үшін біз көп адам жиналатын сауда орталықтарына бардық. Әскери оркестрдің қойылымы көпшіліктің қошеметіне бөленді. Біз жиналғандарды "Х-Factor" жобасының іріктеу кезеңіне шыққан Мерхат Қанапьяновты қолдауға шақырдық, - дейді гарнизон Офицерлер үйінің бастығы майор Болатбек Айтқалиев.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar